Техникалық нормалау орталығы

Сәулет, қала салу және құрылыс саласында нормативтік-техникалық құжаттама,  атап айтқанда, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар, ұйым стандарттарын,   құрылыс нормалары мен ережелер жинақтарын, салалық құжаттар, әдістемелік ұсынымдар, технологиялық карталар мен регламенттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін (техникалық регламенттер) әзірлеумен айналысады.

Қазақстан Республикасында 2010 жылдан  құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау жұмысы басталды.

Осы реформаның аясында  «ИННОБИЛД» ЖШС құрылыс саласының нормативтік базасын талқылауға және әзірлеуге белсенді түрде қатысып келеді. Атап айтқанда компания 2010 жылы мына Құрылыс Нормаларын ұлттық қосымшаларымен және Қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен әзірледі: 
- ҚР ҚН EN 1992-1-2:2008/2011 Темірбетон құрастырмаларын жобалау. Бөлім 1-2. Отқа төзімділігін анықтаудың жалпы ережелері;
- ҚР ҚН EN 1992-2:2005/2011 Темірбетон құрастырмаларын жобалау. Бөлім 2. темірбетон көпірлер. Жобалау және есептеу ережелері;
- ҚР ҚН EN 1992-3:2006/2011 Темірбетон құрастырмаларын жобалау. Бөлім 3. Сұйықтықты оқшаулайтын және ұстап қалатын құрастырмалар.

Әзірленген Қазақстан Республикасының Құрылыс Нормалары ЕN 1992 Еврокод 2 европалық стандарттың, Сәйкестік дәрежесі бірдей темірбетон құрастырмаларын жобалау - әзірленген СEN/ТС 250 «Құрастырмалардың еврокодтары»  негізінде дайындалды. Осы Құрылыс нормаларының Қазақстан Республикасында қолданылуы ұлттық қосымшаларымен және Қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен қоса пайдаланғанда ғана мүмкін.

Техникалық реттеу жүйесін реформалау аясында «ИННОБИЛД» ЖШС содай-ақ  «Ғимараттардың және құрылыстарды,  материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының құрылыстық техникалық регламентін (ҚР ҚТР),  құрылыс материалдары мен бұйымдарына қатысты бөлігінде, Шарт бойынша әзірледі.

2010 – 2011 жж  «ИННОБИЛД» ЖШС  орта және шағын бизнес өкілдері үшін құрылыс материалдарын  шығаруға арналған мына ұйым стандарттарын әзірледі: 
- «АқтөбеҚалаЖолҚұрылыс» ЖШС (Ақтөбе қ.)  Ақжар кен орнының  ұсақ тасынан құм  ЖШС СТ 28152651-01-2010;
- «ОралМұнайГазҚұрылыс» ЖШС (Орал қ.) Бұрғылаудың заласыздандырылған қалдықтарынан қабырға блоктары ЖШС СТ 080940005512-01-2010;
- «Теміртас-1» ЖШС (Жаңаөзен қ., Маңғыстау обл.) Темірбетон белдеулер (бөгеттер) . Техникалық шарттар. ЖШС СТ 40501189-01-2010;
- «Шеврон Мунайгаз Инк.» корпорациясының филиалы (Атырау қ.) Полиэтиленнен жасалған төмен қысымды дәнекерленетін бөлшектер КФ СТ 960341001151-01-2011.

«ИННОБИЛД» ЖШС мамандарының көпшілігінде  ғылыми дәрежелері бар және техникалық реттеу саласында, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар әзірлеуде тәжірибелері мол және  сәулет, қала салу және құрылыс саласында нормативтік құжаттар әзірлеуге және сараптауға белсене қатысады. Қазіргі уақытта «ИННОБИЛД» ЖШС жұмыс істеп отырған мамандар әртүрлі нормативтік құжаттар, стандарттар, әдістемелік  ұсынымдар, салалық құжаттар, сондай-ақ төмендегі Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерін әзірледі: 
- «Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігі» техникалық регламенті;
- «Темірбетон, бетон құрастырмаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті;
- «Ағаш құрастырмалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті;
- «Металл құрастырмалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» технический регламенті; 
- «Басқа материалдан жасалған құрастырмалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

2026 © ТОО «ИННОБИЛД»
Все права защищены. Запрещено копирование и публикация любых материалов сайта и блога на другие сайты без письменного разрешения администрации и указания ссылки на наш ресурс.